Мобильді қосымшалар

Теlе2 тегін қосымшаларын жүкте және орнат. Қызметтерді өзіңнің телефоныңның экранынан басқар.

Tele2 Қазақстан

Қосымшасы

Өз телефоныңның экранынан нақты уақыт тәртібінде қызметтер мен шоттарды басқар.

ОС Android және iOS смартфондарының иегерлеріне арналған «Tele2 Қазақстан» мобильді қосымшасы. Қосымшада анықтамалық ақпараттар, сонымен қатар теңгерімді тексеру, абоненттің шотының детализациясы мен тарифтік жоспарларды басқарудың ыңғайлы механизмдері қолжетімді.

Қосымшада авторизация жасау үшін абонент өз нөмірі мен «Жеке кабинет» парольін енгізуі керек. Сонымен бірге SMS арқылы парольге сұрау жіберуге болады, бұл ретте авторизация автоматты түрде өтеді.

 

03.07.2015 ж. бастап «Tele2 Казахстан» мобильді қосымшасын пайдаланған кезде мобильді интернеттің трафигі есептелмейді.