Мобильді алаяқтық

Құрметті абоненттер!

Tele2 Қазақстан компаниясы мобильді алаяқтық жағдайларының жиі орын алып жатқанын байқауда, сондықтан біз Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге көмектесетін, абонненттерге арналған пайдалы ақпаратты топтастырдық.

Сізді мұқият болуға, күдік тудыратын немесе өзіңіз білмейтін нөмірлерге қайта қоңырау шалмауға шақырамыз. Мұндай қоңырауларды болдырмас үшін Сізден телефон нөміріңізді ашық дереккөздерде қалдырмауыңызды сұраймыз, өйткені алаяқтар оны оңай тауып алады.

Тек зейнеткерлер немесе балалар ғана емес, сонымен қатар Сіздердің кез кез-келгеніңіз де қауіпті аймақта болуыңыз мүмкін екенін есте сақтаңыз. Егер Сіз алаяқтардың мұндай  әрекеттеріне тап болсаңыз, өзіңізге ыңғайлы жолмен бізге бұл туралы хабарлаңыз.

Егер Сізге күдікті ұсыныстар жасалатын болса, өткізіліп жатқан акциялар туралы ақпаратты Сіз әрдайым tele2.kz сайтынан немесе call-орталыққа қоңырау шалу арқылы тексере аласыз

Төменде біз болжалды алаяқтықтың кеңінен тараған сұлбаларынан мысал келтірдік және Сізге арналған әрекет ету жөніндегі нұсқаулықты жаздық. Оны туыстарыңызбен және жақындарыңызбен бөлісіңіз!

Алаяқтық тәсім былай болып келеді, абонентке халықаралық нөмірден кіріс қоңырау келіп түседі, алайда тұтқаны көтерген кезде қоңырау кенеттен үзіледі, бұл абоненттің қайта қоңырау шалуы үшін жасалады. Бұл нөмірге қоңырау шалғанда, абонент шетел тілінде автохабарлаушыны естиді.  Мұндай қоңырау бір минут үшін жүздеген теңгеге дейін жетуі мүмкін.   

Қырағы болып, күдікті немесе белгісіз нөмірлерге қайта қоңырау шалмауға шақырамыз. Мұндай қоңырауларды болдырмау үшін өзіңіздің нөміріңізді алаяқтар оңай тауып алатын  ашық дереккөздерде қалдырмауларыңызды сұраймыз.  

Бейтаныс адам маңызды бір қоңырау соғуды өтіне ме? Бәлкім, ол қысқа нөмірге қоңырау соғып, Сіздің шотыңыздан көлемді қаражаттарды шешіп алғысы келген шығар немесе тіпті телефоныңызды ұрлап кетуге ниетті болуы мүмкін. Егер Сіз көмек бергіңіз келсе, бірақ қауіп-қатерге бас тіккіңіз келмесе, онда нөмірін сұрап, өзіңіз теріп беріңіз де, сұраған адамға қажет ақпаратты жеткізіңіз. Айта кеткен жөн, төтенше қызметтердің нөмірлеріне қоңырау соғу барлық мобильді телефон нөмірлерінен тегін жасалады.

Мобильді оператордың шотын толтыру картаңыздың нөмірін ешкімге жарияламаңыз. Аталған нөмір алаяқтарға мәлім болған сәттен бастап, Сіз картаңызды қолдана алмайсыз, ал ондағы ақшалар басқа шоттарға аударылып кетеді.

Мұндай жағдайда туысыңызға тікелей қоңырау соғып, оған жауабын тек ол ғана білетін сұрақтар қою керек (айрықша белгілер, есте қаларлық күндер, оқиғалар және т.б.). Алаяқтар көбіне әлеуметтік желілердегі деректерді қолданады және кейбір сұрақтарға жауап бере алуы мүмкін. Сақ болыңыз.

Есіңізде сақтаңыз, ақша аударылғандығы туралы хабарламалар жеке нөмірлерден емес, тек мобильді байланыс операторларынан ғана келеді.

Осындай тәсілмен таратуларға ешқандай қатысы жоқ алаяқтар Сіздің шотыңыздан ақша шешіп алуы мүмкін. Айта кеткен жөн, жарнамалық хабарламалардың тікелей таратылуына оператордың да қатысы жоқ, оны жеке деректер қорында абоненттердің нөмірлері қамтылатын компаниялар жүзеге асырады. Жарнамалық таратулардан бас тарту үшін, операторға жүгіну керек.

Қайырымдылық, ұтыс және өзекті акцияларға қатысты өткізілетін шаралар туралы бүкіл ақпарат компанияның ресми сайтында «Жаңалықтар» тарауында берілген.

Көбіне хабарламаларда жеке тұлға аты мен тегі бойынша аталмайды, онда нақты деректер, мысалы, карталарыңыз бен шоттарыңыздың нөмірлері көрсетілмейді, бірақ сілтеме жасалады (кейде қысқартылған, мысалы, http://u.to/N2Zw). Мұндай жағдайларда мекен-жай жолағын тексеру қажет, себебі фишингілік сайттар өз мекен-жайларында бірнеше символды ауыстыру арқылы танымал сайттың атымен бүркемеленеді, мысалы, facebook.com орнына faceb00k.com немесе http://vk0ntakte.ru. Сонымен қатар, сайттың SSLсертификатын тексеруді ұсынамыз – қорғалған HTTPS-қосылыстың орнатылғандығын хабарлайтын мекен-жай жолағындағы «құлыпша»:

Ешбір жағдайда ешкімге өз құпия сөздеріңізді, карталарыңыздың пин-коды мен нөмірлерін SMS бойынша хабарлар, жолдамаңыз.

Қосымшаларды тек ресми арналардан орнату керек (GooglePlay, AppStore және т.б.). Телефон икемдеулерінде «бөгде дереккөздерден қосымшаларды орнату» тәртібінің сөндірілгендігіне көз жеткізіңіз. Орнату барысында қосымша сұрататын құқықтарды бақылаңыз. Міндетті түрде Android, Symbian, WindowsPhone платформасындағы антивирустық БЖ орнатыңыз.

«Бөгде SMS-терді оқуға арналған бағдарлама», «Телефонды тың-тыңдау бағдарламасы», «Телефондар контроллері», «Мобильді детектор», «Мобильді локатор», «Мобильді рентген» сияқты қосымшаларды орнату барысында қатынасхат, телефон арқылы келіссөз және басқа да хабарламалардың құпиясын бұзуға тыйым салынғандығын және бұл Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауапкершілікке тартылатындығын есіңізде сақтаңыз. Сонымен қатар, бұл бағдарламалар көбіне мәлімденген атқарымдарды атқармайды және түрлі зиянды қосымшалардың бүркемесі болып табылады. Сақ болыңыз!

Және де Сізге өз телефоныңызды бөгде адамдарға бермеуге кеңес береміз. Ұялы телефоныңызды рұқсатсыз қатынаудан қорғау үшін, оқшаулаудан босатуға құпия сөз белгілеуіңізге болады (өз телефон үлгіңізге ұсынылған нұсқаулықты оқыңыз).

 Науқандар мен байқаулар туралы ақпаратты Компания өз абоненттеріне тек ресми сайтта, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында ғана хабарлайды.  Біз қоңырау шалу арқылы дербес хабарлама жасамаймыз және науқанға қатысу үшін қатысушылардан ақшалай қаражат аударуды өтінбейміз.    

Барлық науқандық ұсыныстар  tele2.kz сайтында берілген.  

Әрекет ету үлгісі мынадай: алаяқтар парақшаңызға кіріп, фотосуреттерді жүктеп алады да, фотосуреттерімен және деректерімен бірге парақшаңыздың дәлме-дәл көшірмесін жасайды. Одан кейін достарыңызға хат жазып, карточкаға немесе мобильді телефон теңгеріміне ақша аударуды өтінеді. Мұқият болыңыз! Ақпаратты әрдайым қайта тексеріңіз, қоңырау шалыңыз және нақтылаңыз. 

Компания мессенджерлерде, қосымшаларда немесе бөтен сайттарда абоненттерге өткізілетін акциялар немесе конкурстар туралы хабарламайды. Бүкіл өзекті ақпарат компанияның ресми сайтында және әлеуметтік желідегі ресми беттерде қолжетімді болады.
Алаяқтық әрекеттерден сақтану үшін хабарламаларды елемеуіңізді, оларды таратуға қатыспауыңызды, сайт/қосымша пайдаланушыларының жеке кабинеттеріндегі өз логиндеріңізді табыстамауыңызды сұраймыз.
 

Телефон теңгерімінен қаражатты шығару әрекеті болған жағдайда Сіздің абоненттік нөміріңізге SMS верификация келіп түседі. Алынған кодты ешкімге хабарламаңыз! 
Егер үшінші тұлғалар тарапынан теңгерімнен қаражат шығару жүргізілген болса, Сіз қолдау қызметіне, сондай-ақ құқық қорғау органдарына жүгінуіңіз қажет