Ыңғайлы сөйлесу қызметтері

Шетелге арзанырақ қоңырау шал, сенімді төлемді қолдан. Сенің нөміріңнің барлық құпиялары

Қызметтердің толық тізімін, сонымен қатар Сізге қажетті қызметтерді Жеке кабинетте қоса аласыздар.

Егер нөміріңіздің теңгерімі нөлге жақындап қалса, ал теңгерімді толтыруға мүмкіндік болмаса, «Сенімді төлем» қызметінің көмегімен төлем жасап, сөйлесуді жалғастыра аласыз.

Егер амалды теру барысында жүйе қатені көрсетіп тұрса, онда қызметті пайдалану шарттарының бірі сәйкес келмейді.

Шарттардың толық тізімі осы жерде

Қызметтерді көрсетудің барлық шарттарының орындалғандығын тексеру керек. Шарттардың толық тізімі осы жерде

Басқа елдерге тиімді қоңырау шалу үшін "Әлеммен байланыс" қызметін қосыңыз. Толық ақпарат және әр бағытқа кіретін елдер тізімі осы жерде.

Басқа елдерге қоңырау шалғанда нөмір халықаралық форматта теріледі: + (ел коды) (қала коды) (шақырылып отырған абоненттің нөмірі), немесе 00 (ел коды) (қала коды) (шақырылып отырған абоненттің нөмірі)

Шарттар ҚР аумағында ғана қолжетімді.

Сіздің телефоныңыз байланыс аясынан тыс жерде немесе өшірулі болған жағдайда, Сіз «Кім қоңырау шалды?» қызметімен соңғы 72 сағатта жауапсыз қалған барлық қоңыраулар туралы хабардар бола аласыз.

Жауапсыз қалған SMS-хабарламалар 72 сағат бойы сақталады. Осы мерзімнен асқанда барлық SMS-хабарламалар жойылады. "Кім қоңырау шалды?" қызметі Сіз қоңырауларды басқа нөмірге бағыттағанда немесе бағыттау түрін өзгерткенде әрекет етпейді.

Қызмет барлық Tele2 абоненттеріне ұсынылады.

Жасырын қоңырау шалу үшін "Нөмірді анықтауға қарсы қызмет" қызметін пайдаланыңыз. Шақырылып отырған абоненттің нөмірін sharp31sharp87071234567hanger_greenшақыру форматында теріңіз.

Иә, егер жасырын нөмірмен 1 секундтай байланыс болса, онда мұндай ақпаратты алуға болады. Телефон нөмірін "Теле2" қызмет көрсету кеңселеріндегі детализациялық шот арқылы білуге болады немесе Жеке кабинет арқылы өзіңіздің e-mail-ыңызға тапсырыс бере аласыз. «Жасырын нөмірлерді анықтағыш» қызметімен Сізге қоңырау шалып отырған абоненттің нөмірін көре аласыз.

160 таңба латын әріптерімен және 70 таңба кириллицамен.

Егер жіберілетін хабарлама үлкен көлемді болса, ол таңбалар саны бойынша бөлінеді. Әр бөлік бір хабарлама ретінде төленеді. Бұл ретте әр бөлімдегі 3 таңба қызметтік ақпаратты беруге жіберіледі.

Мысалы, кириллицамен терілген ұзындығы 136 таңба хабарламаны жіберу құны - үш SMS жіберу құнына тең (136 таңба — бұл 3 бөлім: 67, 67 және 2).

Біздің SMS-ті тегін жіберу қызметімізді пайдаланыңыз. Іске қосу үшін жүйеде өзіңіздің нөміріңіз бен Жеке кабинетіңіздің паролін енгізуіңіз керек. Парольді қалай алу керек туралы толық ақпарат осы жерде.

Tele2 & KAZKOM төлем картасы (Казкоммерцбанк пен Tele2 ұсынған Visa Classic) банкоматтар мен POS-терминалдар арқылы карта бойынша барлық қолма-қол ақшасыз есептеулер жасаған үшін, соның ішінде Интернет желісіндегі төлемдер үшін Мобильді бонустар алуға мүмкіндік береді.

Төлем картасының иелері осы карта бойынша жасалған операциялар үшін есептелген бонустарды минуттарға, SMS немесе интернет-трафикке ауыстыра алады.

Бонустарды Теле2 қызметтеріне ауыстыру картаны шығаруға жазылған өтініште көрсетілген ұялы нөмірге автоматты түрде немесе көрсетілген нөмірге Homebank.kz порталы арқылы мобильді бонустарды аудару арқылы жүзеге асырылады. Бонустарды Tele2-нің кез келген алдын ала төлеу жүйесіндегі абоненті ала алады.

Tele2 & KAZKOM халықаралық төлем картасын таңдай отырып, Сіз екі еселік бонусты бірегей картаның иесі боласыз.

Tele2 & KAZKOM картасымен кез келген сатылым мен қызметтер үшін ақы төлегенде Сіз GO аласыз! 30% + 0,5% -ға дейін бонустар жинайсыз, оны теңгеріміңізді толтыруға жұмсайсыз.

Назар аударыңыздар! Картадан қолма- қол ақшаны шешсеңіз, ол операция болып саналмайды және оған бонустар есептелмейді.

Сонымен қатар толық ақпарат осы жерде

Бонустарды тек бір бағытта жұмсауға болады: минуттар немесе SMS, не болмаса интернет-трафик. Келесі бағыттар да бар:

  • Біріншісі: тек Tele2 желісі ішіндегі қоңыраулар, минутының құны 2 теңге;
  • Екіншісі: ҚР басқа ұялы байланыс операторларына, қала нөмірлеріне және Tele2 желісі ішіндегі қоңыраулар, минутының құны 6 теңге;
  • Үшіншісі: SMS-хабарламалар, бір хабарламаның құны 2 теңге;
  • Төртіншісі: MMS-хабарламалар, бір хабарламаның құны 2 теңге;
  • Бесіншісі: 1 Мб интернет-трафик, оның құны 2 теңге.

Бір бағытты таңдағанда басқа қызметтердің құны Сіздің тарифтік жоспарыңызға сәйкес тарифтеледі.

Бағытты картаны шығаруға өтініш жазғанда немесе Homebank.kz порталында таңдай аласыз.

Tele2 қызметтеріне бонустарды айырбастау - картаны шығаруға жазылған өтініште көрсетілген ұялы нөмірге автоматты түрде немесе көрсетілген нөмірге Homebank.kz порталы арқылы мобильді бонустарды аудару арқылы жүзеге асырылады. Бонустар ҚР аумағында оларды есептеген күннен 3 күнтізбелік күн бойы әрекет етеді және көрсетілген мерзім өткен соң олар жойылады. Бонустар аяқталған соң, Сіз таңдаған бағыт бойынша тарифтеу тарифтік жоспарыңызға сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар толық ақпарат осы жерде

Нөмірге есептелген бонустарды (Сіз айырбастап алған) star123star1star3sharphanger_greenкомандасы арқылы тексеруге болады.

Ал Homebank-те төлем картасында қалған және пайдаланылмаған бонустар көрсетіледі.

Қазіргі кезде Компанияның мұндай қызметі жоқ, "Қара тізім" қызметін телефоныңыздың функцияларынан тексеріп көріңіз.