Нөмірді басқару

Жеке кабинетің мен мобильді қосымшаны басқар, IMEI-кодты қалай тексеруді немесе зақымдалған SIM-картаны қалай қалпына келтіру керектігін қара.

Авторизация парақшасын ашыңыз, "Кіру" пернесін басыңыз да нөміріңізді, пароліңізді енгізіңіз және "Кіру" пернесін басыңыз. Нөмірді сегізсіз теру керек, мысалы «747 YYY-YY-YY». Толық ақпарат осы жерде

Жеке кабинетке кіргенде өзіңізге ыңғайлы тәсілмен парольге тапсырыс беріңіз:

  • sms бойынша, пароль SMS-хабарлама арқылы жіберіледі.
  • e-mail бойынша, пароль Сіз нөмірді тіркегенде көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі.

Бірінші кіріс жасағаннан кейін Басқару - Парольді ауыстыру тарауында өз пароліңізді орнатуыңыз керек.

Толық ақпарат осы жерде

Парольді бірнеше тәсілмен алуға болады:

  • e-mail бойынша, пароль Сіз нөмірді тіркегенде көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі.
  • парольді орнатуға өтінішті толтыру, жеке куәлігіңіздің көшірмесін тіркеп, infokz@tele2.comжіберуіңізге болады.

Толық ақпарат осы жерде

Иә, Жеке кабинет кез келген теңгерімде жұмыс жасай береді.

Жоқ. Жеке кабинетті Tele2 -нің барлық абоненттері тегін пайдалана алады.

Смартфонды белсенді пайдаланушылар үшін арнайы "Tele2 Қазақстан" мобильді қосымшасы құрылған. Қосымшада анықтамалық ақпарат, сонымен қатар теңгерімді тексеру, абоненттің шотының детализациясы және тарифтік жоспарды басқарудың қолайлы механизмдері қолжетімді. Толық ақпаратты және жүктеу сілтемелері осы жерде

«Tele2 Қазақстан» тегін қосымшасы Android және iOS операциялық жүйелері үшін қолжетімді.

Android -ке арналған қосымша Google Play-де қолжетімді және 2.3-тен бастап одан да кеш нұсқаларға дейінгі жүйенің негізгі нұсқаларын қолдайды. 

iOS-ке арналған қосымшаны Appstore-ден жүктеуге болады. Қосымшаны орнату үшін iOS 6.0 немесе одан да кеш нұсқа керек. Қосымша iPhone, iPad және iPod touch-қа үйлесімді және iPhone 5 үшін оңтайландырылған. 

Ол үшін өз қалаңыздағы сату кеңсесіне барыңыз, өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжатты ала барыңыз. Толық ақпарат 507hanger_green тегін нөмірі бойынша

Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжатты ала бару керек. Нөміріңізді қалаңыздағы сату кеңсесінде қайта тіркей аласыз. Жиі терілетін 5 нөмірді немесе соңғы 5 төлемді ұсынсаңыз жеткілікті.

Нөмірді қайта тіркеу үшін:

  • Жеке бастарын куәландыратын құжаттары бар 2 жақтың да келуі.
  • Нөмірді қалаңыздағы сату кеңселерінде тіркей аласыздар.

Құпия сөз SIM-картаның иесін ол Call-centre-ге немесе сату кеңселеріне жүгінгенде сәйкестендіру үшін қажет.

Тіркелген нөмірдің иесі сату кеңсесінде келіп, жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде ғана құпия сөз орнатылады, өзгертіледі және өшіріледі.

Назар аударыңыздар! Нөмірдің иесі жеке куәлігін көрсеткенде ғана детализация беріледі. Егер нөмірдің иесі өзі келе алмаса, детализацияны алуға келген тұлғада детализацияны алуға нотариалды расталған сенімхат пен жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болуы керек.

  1. Жеке кабинеттің көмегімен Сіз:
    • соңғы 125 күндегі қоңыраулардың детализациясын online көре аласыз;
    • Детализацияның қажетті кезеңін таңдап, электрондық поштаңызға PDF форматында сөйлесудің детализациясына тапсырыс бере аласыз.
  2. Бір реттік шоттың детализациясын Tele2 байланыс салонынан ала аласыз.
    Ол үшін керегі:
    • егер нөмір жеке тұлғаға тіркелген болса:
      • жеке басын куәландыратын құжат;
      • шоттың детализациясын алуға өтініш.
    • Егер нөмір заңды тұлғаға тіркелген болса:
      • Фирмалық бланктегі ұйым басшысының қолымен және ұйым мөрімен расталған хат. Онда детализацияның қажетті кезеңі мен шоттың детализациясын алуға сенім білдірілген тұлға көрсетіледі;
      • сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.

  3. Сіз "Шоттың детализациясы" қызметіне жазылып, шоттың детализациясын e-mail-ға немесе пошта мекенжайына ала аласыз. Ол үшін Tele2 байланыс салонына келіп, типтік өтінішті толтырасыз да жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетесіз, сонымен қатар біздің infokz@tele2.com электрондық поштамыз арқылы жасай аласыз. Детализация факс арқылы берілмейді.

Толық ақпарат осы жерде

Иә, бұл ақпаратты жасырын нөмірмен байланыс кем дегенде 1 секуд болса ала аласыз. Телефон нөмірін Tele2-нің қызмет көрсету офисінен детализация арқылы немесе Жеке кабинет арқылы e-mail-ге тапсырыс арқылы білуге болады. «Жасырын нөмірлерді анықтаушы» қызметімен Сіз хабарласып тұрған абоненттің нөмірін біле аласыз.

Егер Сіз белгілі бір жағдайлармен нөмірді қолданбайтын болсаңыз, оған бұғат қойып, өз атыңызда сақтап қоя аласыз.

Нөмірді бірнеше тәсілмен бұғаттай аласыз:

  1. Қалаңыздағы біздің байланыс салонымызға келу арқылы.
  2. Tele2 ұялы нөмірінен 611hanger_green қысқа нөміріне қоңырау шалып, автохабарлаушының нұсқауына жүгініп немесе анықтама қызметіне қоңырау шалу арқылы.
  3. Сайттағы өтінішті толтырып, біздің infokz@tele2.com-ке жеке басыңызды куәландыратын құжатпен бірге жіберуіңізге болады.

IMEI -ді (сериялық код) алу үшін starsharp06sharphanger_green командасын теріңіз. IMEI аппараттың дисплейінде көрінеді, сонымен бірге, IMEІ телефонның өзінде аккумулятордың астында көрсетілуі мүмкін.