Қауіпсіздік сертификаты

Қауіпсіздік сертификаты – бұл шифрлейтін хаттамалардан тұратын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлік символдар жиынтығы. Сертификат қазақстандық Интернет желісінің пайдаланушыларын ҚР заңнамасы тыйым салған заңсыз контенттен «нүктелеп» қорғауға мүмкіндік береді.

Бұл қауіпсіздік сертификаты Қазақстанда әзірленген және ақпараттық жүйелер мен деректерді қорғау саласындағы өкілетті мемлекеттік органмен ұсынылған.

Қауіпсіздік сертификаты ҚР заңнамасының талабы бойынша орнатылуы тиіс және 11-т. «Байланыс туралы» ҚР Заңының «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану ережелеріне» сәйкес байланыс операторлары байланыс қызметін көрсету шарттары жасалған абоненттерінің арасында қауіпсіздік сертификатының таралуын қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік сертификаты смартфон, планшет, модем, роутер, смарт-сағат және ұялы оператордың сим-картасы бар барлық құрылғыларға орнатылуы тиіс.

Абоненттік құрылғыларда қауіпсіздік сертификаты болмаған жағдайда жекелеген Интернет-ресурстарға қолжетімділікке қатысты техникалық шектеулер қойылуы мүмкін.

Қауіпсіздік сертификаты Қазақстанның ұялы байланыс абоненттерінің Интернетке барынша қауіпсіз режимде шығуын қамтамасыз етуге бағытталған. Қауіпсіздік сертификаты үшін сіздің дербес деректеріңіз қолжетімсіз.

Қауіпсіздік сертификатының көлемі - 2 Кб.

Сертификатты сілтеме бойынша немесе сертификат жарияланған  http://qca.kz ресми сайтынан жүктеуге болады.