Регистрация абонентских устройств по IMEI

Бұл «Байланыс  туралы» Заңның 36-2 бабынан туындайтын заң талабы.

Заңға сілтеме:

http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z040000567_#z0

Бұл шара телефондардың ұрлану жағдайларын азайтуға көмектеседі деп күтіледі.

Сим-картасы бар кез келген құрылғы тіркеуден өткізілуі тиіс, соның ішінде: телефондар, смартфондар, планшеттер, модемдер, смарт-сағаттар және басқалары.

Бұл талап тек машиналарға бір-бірімен ақпарат алмасуға, не болмаса ақпаратты бір жақты тәртіпте таратуға және қабылдауға мүмкіндік беретін технологияны қолдануға арналған машина аралық әрекеттесу құрылғыларына (M2M) ғана қолданылмайды.

Тіркеу ережелеріне сілтеме:

http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017028

  • *835#USSD-пәрмені арқылы
  • Жеке кабинет арқылы
  • Байланыс салонына бару арқылы
  • Қызмет көрсету қызметіне _____нөмірі бойынша жүгіну арқылы

Құрылғыны тіркеу үшін, Байланыс салонына бармай-ақ,  тіркелетін құрылғыдан төменде көрсетілген кез келген әдіспен ЖСН жіберу жеткілікті:

  1. Tele2  нөмірінен 6914 қысқа нөміріне ЖСН жіберіңіз;
  2. *6914*1# USSD-пәрменін теріңіз және шыққан мәзірге ЖСН енгізіңіз.
  3. http://imei.tele2.kz интернет-ресурсы арқылы ЖСН жіберіңіз.

Tele2 нөмірінен ЖСН алған кезде біздің автоматты түрде қызмет көрсету жүйеміз құрылғының IMEI кодын, оны пайдаланатын абоненттік нөмірді анықтайды және абоненттік нөмір дұрыс тіркелген жағдайда ЖСН, абоненттік нөмір және құрылғының IMEI сияқты үш параметрі бойынша құрылғыны автоматты түрде тіркейді.

Құрылғыны тіркемес бұрын сіз пайдаланатын абоненттік нөмір сіздің атыңызға тіркелгенін *835#USSD-пәрмені арқылы тексеру қажет.

Нөмір басқа тұлғаның атына рәсімделген жағдайда, не болмаса қате деректер көрсетілген жағдайда өзгерістер енгізу үшін, байланыс салонына жүгіну қажет.

Абоненттік құрылғыны тіркеу тегін жүргізіледі.

Бір ЖСН-не абоненттік құрылғылардың кез келген санын тіркеуге болады.

Абоненттік құрылғылар дербес қолдануды  болжайтындықтан,  әрбір құрылғыны тек бір иеленушінің атына (ЖСН) тіркеуге болады.

Егер сіз екі симкалы құрылғыны пайдалансаңыз, онда оның тіркелуге жататын 2 түрлі арнайы коды (IMEI) болуы мүмкін.

Егер екі симкалы құрылғыда әртүрлі операторлардың нөмірлері қолданылса, онда құрылғыны нөмірлердің әрқайсысы бойынша бөлек тіркеу керек.

Егер екі симкалы құрылғыда тек бір сим-карта қолданылатын болса, онда құрылғыны тіркеу үшін, сим-картаны екі сим-слотқа кезек-кезегімен орнату керек.

Егер құрылғыны 14 жасқа толмаған бала пайдаланса, онда ата-анасы баласының құрылғысын өз ЖСН-не тіркеу керек.

Егер құрылғы басқа пайдаланушыға табысталса, онда құрылғыны табыстамас бұрын, оны тіркеуден шығару қажет. Құрылғыны тіркеуден шығару үшін, Байланыс салонына жеке куәлігіңізбен және тіркеуден шығарғыңыз келетін құрылғымен бірге бару қажет.

Егер құрылғы 2018 жылы автоматты түрде тіркелмесе (тіркеу деректері жеткіліксіз, ЖСН), онда Қазақстанға келгеннен кейін сізге құрылғыны тіркеу ұсынылатын болады.

Планшетті/модемді/роутерді тіркеу үшін, тіркелетін құрылғыдан http://imei.tele2.kz интернет-ресурсына кіріп, арнайы өріске өз ЖСН енгізіп, «Жіберу» батырмасын басу жеткілікті.

Tele2  нөмірінен ЖСН алған кезде, біздің автоматты қызмет көрсету жүйеміз құрылғының IMEI  кодын және ондағы қолданылатын абоненттік нөмірді анықтайды да, абоненттік нөмір дұрыс тіркелген жағдайда, ЖСН, абоненттік нөмір және құрылғының IMEI коды сияқты үш параметр бойынша құрылғыны автоматты түрде тіркейді.

Ұялы сағаттарды 2019 жылы тіркеу тәртібі туралы ақпаратты біз өз сайттарымызда жақын арада жариялайтын боламыз.

Абоненттік құрылғы басқа адамның атына тіркелген жағдайда.

IMEI (International Mobile Equipment Identity) – бұл құрылғының дайындаушы-зауыт беретін  15-белгілі  халықаралық сәйкестендіру коды.

Әдетте екі симкалы құрылғының 2 әртүрлі IMEIкоды болады және олардың екеуін де тіркеу қажет.

Егер екі симкалы құрылғыда бір IMEI болса, онда «телнұсқаланған» болып мойындалады және оны 2018 жылдың соңына дейін тіркеу қажет

  1. Егер бірінші слотта Tele2/Алтел sim-картасы болса, ал екіншісі бос болса:

Егер екі симкалы құрылғыда бір ғана абоненттік нөмір пайдаланылса, онда екі IMEA өзіңіздің қолданыстағы нөміріңізбен бірге тіркеуге болады. Тіркеу үшін, sim-картаны бір слоттан екінші слотқа ауыстырып салу талап етіледі.

  1. Егер бірінші слотта Tele2/Алтел sim-картасы, екінші слотта Теле2/Алтел sim-картасы болса:

Егер екі симкалы құрылғыда екі түрлі нөмір пайдаланылса, онда екі IMEI де пайдаланылатын нөмірге байланысты тіркелуі тиіс. 

  1. Егер бірінші слотта Tele2/Алтел sim-картасы, ал екінші слотта басқа оператордың sim-картасы болса:

Бірінші слоттың IMEI коды Tele2/ALTEL sim-картасының тіркелген деректері бар Теле2/ALTEL-де тіркеледі, екінші слоттың IMEI коды оператордың алгоритміне сәйкес басқа оператордың sim-картасының тіркелген деректері бар операторда тіркеледі.

Құрылғы иесінің атына тіркелуі тиіс. Егер сіз біреуі сіздің атыңызға, екіншісі заңды тұлғаның немесе ЖК атына рәсімделген екі нөмір пайдаланылатын екі симкалы абоненттік құрылғының иесі болсаңыз, онда құрылғыны екі слоттан да (екі sim-картадан) өз ЖСН-ге тіркеуіңіз керек.

Нөмірді басқа оператордың желісіне ауыстырған кезде, абоненттік нөмір өзгермейді. Егер ауыстырғанға дейінгі құрылғы пайдаланылса және абоненттік нөмірдің тіркеу деректері (ЖСН) өзгерсе, онда құрылғыны қайта тіркеу талап етілмейді.

Бір құрылғыны барлық нөмірлеріңізбен пайдалану үшін бұл нөмірлер бір адамға, яғни, бір ЖСН-ға тіркелуі тиіс.

Құрылғыны сим-карталардың әрқайсысы бойынша бөлек тіркеу керек.

Қосылғанда, құрылғы IMEI кодын желіге жібереді, онда оператордың желісінде техникалық рұқсат алу үшін тек алғашқы 14 сан ғана міндетті болып табылады, соңғы 15-ші сан - бұл есептік тексеру және ол берілмеуі немесе есепке алынуы мүмкін.

https://ru.wikipedia.org/wiki/IMEI

6914 нөміріне бос орын арқылы және келесі реттілікпен берілген өзіңіз туралы деректері бар SMS жіберіңіз: ЖСН Тегіңіз Атыңыз  

Сатып аларда «IMEI-дің тіркелгенін тексеру қызметі» көмегімен құрылғының тіркелу мәртебесін міндетті түрде тексеріңіз. 

Құрылғының IMEI-ін сол құрылғыда *#06# USSD пәрменін теру арқылы білуге болады.