Интернетке арналған гаджеттерді баптау

Баптауларда мәселелер туындады ма? Сенің гаджетіңді қосу бойынша ақпарат

1 қаңтар 2016 жылғы «Байланыс туралы» ҚР Заңына сәйкес, пайдаланушыларды желілік қауіптерден қорғауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ клиент пен сервердің арасындағы құпия ақпаратты беру арналарының қорғалуын растайтын ұлттық қауіпсіздік сертификаты енгізіледі.

Заңмен көзделген жағдайларда қауіпсіздік сертификатының қолданылуы шетелдік Интернет-ресурстарды құқыққа қайшы мақсаттарда пайдалану мүмкіндігін шектейді және ҚР заңнамасы шеңберінде жұмыс істейтін ресурстарға кедергісіз қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Сертификатты мұнда жүктеп алуға болады.

Сертификатты орнату жөніндегі нұсқаулықпен мұнда танысуға болады.

Windows Phone ОЖ бар телефондар үшін:

  • Қолданбалар – Параметрлер – Ұялы желі + SIM – Ең жылдам 3G қосылуы – 3G.
  • Телефоныңызды өшіріп қайта қосыңыз.

HTC телефондар үшін:

  • Меню – Настройки - Мобильный интернет (Мобильные сети) – Режим сети – Только UMTS
  • Ескерту. Екі SIM карталы телефондарда, 3G желісін тек №1 ұяшық қана қолдайды

LG телефондар үшін:

  • Меню – Настройки - Общий модем и сети (Еще) – Мобильные сети – Режим сети – Только WCDMA
  • Ескерту. Екі SIM карталы телефондарда, 3G желісін тек №1 ұяшық қана қолдайды

Nokia телефондар үшін:

  1. Nokia Lumia
    Меню - Настройки - Передача данных (Сотовая сеть + SIM) - Самое быстрое соединение 3G.
  2. Nokia Symbian
    Меню - Параметры - Связь - Сеть - Режим сети - только UMTS/3G.
  3. Басқа Nokia телефондар үшін
    Меню–Настройки–Телефон–Сеть–Режим сети-Только UMTS (Только 3G)

Android базасында жұмыс жасайтын телефондарда:

  • Мәзір- Реттеулер - Қосымша реттеулер (Басқа желілер) - Мобильді желілер - Желі тәртібі - Тек WCDMA;
  • Мәзір - Реттеулер - Тағы (Сымсыз желілер) - Мобильді желілер - Желі тәртібі- Тек WCDMA.

iOS базасындағы телефондар үшін:

  • Мәзір- Ұялы байланыс- Дауыс және деректер- 3G-ді қосу

Symbian базасында жұмыс жасайтын телефондарда:

  • Мәзір -Параметрлер - Байланыс - Желі - Желі тәртібі - UMTS

Телефоннан интернетке шығу үшін қандай автоматты реттеулерді алу керек?:

Телефонға барлық реттеулерді алу үшін:

  • 800 нөміріне "vse" мәтінді SMS-хабарлама жіберіп, алынған реттеулерді сақтаңыз;
  • star167sharphanger_green USSD-командасын теріңіз;
  • 800hanger_green нөмірі бойынша интернет пайдаланушыларын қолдау қызметіне тегін қоңырау шалыңыз.

Сонымен қатар Сіз деректерді беру қызметтерінің әрқайсысына жеке автоматты реттеулерге тапсырыс бере аласыздар:

  • «WAP» — WAP-GPRS реттеулерін алу үшін;
  • «MMS» — MMS реттеулерін алу үшін;
  • «Internet» — GPRS-интернет реттеулерін алу үшін.

WAP/MMS/GPRS -ті өз бетінше қалай реттеуге болады?:

Өз бетінше реттеу үшін сілтеме немесе Сіз реттеулерді автоматты түрде алғыңыз келсе, 800 нөміріне «vse» немесе "all" мәтінді SMS жіберіңіз. Реттеулерді алу тегін.

Менің телефоным 2 SIM-карталы. Қажетті SIM-картадан интернетке қалай реттеулер жасаймын?:

  1. Реттеулер - Сим -карталар диспетчері - Деректерді беру желісі - Sim1 немесе Sim2 (Tele2 sim - картасының қай слотта орнатылғанына байланысты).
  2. Деректерді беруді қосқанда Neo-KZ немесе Mobile Telecom Service слотын таңдау керек.
  3. Реттеулер - Мобильді деректер - Деректерді беру желісі - Sim1 немесе Sim2 (Tele2 sim - картасының қай слотта орнатылғанына байланысты).
  4. Реттеулер - Dual-Sim реттеулері (Sim-карталарды басқару) - Деректерді беру үшін қосылу - Sim1 немесе Sim2 (Tele2 sim - картасының қай слотта орнатылғанына байланысты).

Мобильді деректерді қосқанда екінші SIM-картаға қоңырау түспейді. Неліктен?:

Телефонның реттеулеріндегі Sim-карталар диспетчерінде(Sim-карталарды басқару) "Деректерді беру қызметін пайдаланғанда кіріс қоңырауларды басқа SIM-картаның көмегімен қабылдау" тармағына қанат белгісін қою керек.

Интернет қолжетімділік нүктесі мен MMS-ті қалай реттеуге болады?:

Интернет және MMS қолжетімділік нүктесін қолмен реттеу үшін мына сілтемеге өтуіңіз керек.

Интернет және MMS реттеулерін сақтағанда жүйе былай деп жауап береді:"70 таңбаға дейін теру керек". Не істеу керек?:

Бұл реттеулер лимитінен асып кетті дегенді білдіреді. Сіз телефоныңыздағы барлық Интернет реттеулерін (телефонның қалыпты реттеулерін қалпына келтіру) жойыңыз да, тек содан кейін жаңасын сақтаңыз. Ол үшін Реттеулер (Параметрлер) - Қалыпты реттеулерді қалпына келтіру - Тек реттеулер - Қорғаныс кодына (қалыпты қорғаныс коды 12345, егер Сіз телефонның кодын өзгерткен болсаңыз, онда Сіз орнатылған кодты енгізуіңіз керек) кіріңіз. Одан әрі телефон қайта жүктеліп, кейін автоматты реттеулер қайта сақтала береді.

Менің телефонымда автоматты реттеулер жоқ. Не істеуім керек?:

Міндетті түрде қолмен реттеу керек. Ол үшін сілтеме бойынша өтіп, тізімнен өз телефоныңыздың үлгісін таңдаңыз немесе Tele2 нөмірінен 800hanger_green

қысқа нөміріне тегін қоңырау шалыңыз.

Tele2 мобильді интернетін пайдалану үшін қандай IP-мекенжайды жазу керек ?:

IP-мекенжай автоматты түрде көрсетіледі. IP-мекенжайдың түрі динамикалық. Мобильді интернетті реттегенде бұл тармақ толтырылмайды.

Wi-Fi роутердің паролін ұмытып қалдым. Оны қалай қалпына келтіруіме болады?:

Парольді қалпына келтіру үшін роутердің қақпағын ашып, реттеулерді ығыстырып, «RESET» пернесін басу керек. Қақпақтың сыртқы жағында немесе батареяның астында көрсетілген қалыпты парольі орнатылады. Логин мен пароль жасырын түрде беріледі: "User name" – admin және "Password" – admin.

Теңгерімді банкомат немесе төлем терминалдыра арқылы толтыру үшін модемде орнатылған SIM-картаның телефон нөмірін қалай біле аламын?:

Ол үшін бас мәзірдегі "Қызметтер" тарауына кіріңіз. "Менің нөмірім" қызметін таңдаңыз да "Жіберу" пернесін басыңыз. Төмен жақта ағымдағы нөмір туралы ақпарат шығады.

Модемді қосқанда жүйе логин мен парольді сұрайды.:

Келесілерді тексеру керек:

  • Тіпті қолжетімді Wi-Fi нүктелері болмаса да, компьютерде Wi-Fi қызметінің қосылған не қосылмағанын тексеру. Бұл қызмет өшірулі болуы тиіс.
  • Компьютерге желілік немесе жергілікті кабель қосылмағандығына көз жеткізу.
  • Сіздің компьютеріңізде пайдаланып жүрген браузердегі прокси-сервердің реттеулерін тексеру. Параметрлерді автоматты түрде анықтау орнатылуы тиіс.

3,6 Мбит/с жылдамдықты USB-модемді қосқанда Tele2 Connect бағдарламасы автоматты түрде қосылады, бірақ "Қосу" пернесі белсенді емес.:

  1. "Бас мәзірден "Реттеулер" тармағын таңдау.
  2. Тізімнен "Конфигурация" тармағын таңдау керек.

  3. "Tele2 Connect Конфигурация" терезесі ашылады. "Профильдер" бірінші бетінен "Профильдер" тізімінен "Tele2" таңдау.
  4. "Өзгерту" пернесін басу.


     
  5. "Профиль" терезесі ашылады. "APN" үшінші қосымша бетте "Жасырын APN " алаңына internet.tele2.kz-ті міндетті түрде енгізу керек. Қосылулар - Байланыстар - Mobile internet тармағына ғана қанат белгісін қалдырыңыз.
  6. Одан әрі өзгертулерді сақтау үшін "ОК" пернесін басыңыз.


 

7,2 Мбит/с или 21,6 Мбит/с жылдамдықты модемді жаңғыртқан кезде Hi-Link қосымша беті іске қосылады, бірақ барлық тарауларда тиісті ақпарат көрінбейді.:

Сізге керекті тарауды ашып, web-бетті жаңғырту үшін F5 пернесін бірнеше рет басу керек

SIM-карта модемде орнатылған. Браузерді ашқанда қатені көрсетеді: "SIM-карта табылмады немесе SIM-карта пайдаланылмайды". Бұл нені білдіреді?:

Яғни SIM-карта модемде дұрыс орнатылмаған немесе зақымдалған, не болмаса дұрыс жұмыс жасамайды дегенді білдіреді. Біріншіден SIM-картаның модемде орнатылғанын тексеріңіз. Егер SIM-карта дұрыс орнатылған болса, оны басқа аппаратқа салып(модем, мобильді құрылғы) SIM-картаның жұмыс күйін тексеріңіз.

Модемді (E303S, E3131) қосқанда Hi Link ашылмайды, Не істеу керек?:

Келесілерді жасау керек:

  • Вирусқа қарсы бағдарламаны уақытша өшіру.
  • Wi-Fi және желілік кабель қызметн өшіру.
  • Сіздің компьютеріңізде бұрын орнатылған басқа модемдердің драйверлеін жою.
  • Компьютерді қайта жүктеу және тексеру.

Сонымен қатар браузердің мекенжайлық жолында http://192.168.1.1. сілтемесін көрсету керек.

*7,2 и 21 Мб/сек модемдерінің реттеулері ұқсас.

Прокси-сервердің қатесі.:

Қолданылып жүрген браузердің реттеулеріндегі "Жергілікті қосылуларға арналған прокси-серверді пайдалану (коммутацияланған немесе VPN - қосылулар үшін қолданылмайды)" тармағынан қанат белгісін алып тастау керек.

Коммутацияланатын арналардың қате реттеулері салдарынан қосылу жүзеге асырылмады. Қызметтерді жеткізушіге хабарласыңыз.:

Бұл қате тек негізгі теңгерімде қаражат жоқ болғанда байқалады. Теңгерімді толтырған соң компьютеріңізді алдын ала жүктеп, тағы бір тексеріңіз.