MNP/Tele2-ге басқа оператордан ауысу

Бұғауларды дұрыс бұз! Нөміріңді Tele2-ге көшір!

Нөмірді көшіру, басқаша айтқанда MNP (mobile number portability) — бұл өз телефоныңыздың нөмірін сақтай отырып, ұялы байланыс операторын ауыстыру мүмкіндігі. Сіз өзіңізге қолайлы қызметтері бар кез келген ұялы операторды таңдай аласыз, бұл кезде нөмірді сатып алудың қажеті жоқ. Нөмір Сіздің атыңызда сақталады.

Егер нөмір Сіздің атыңызға тіркелген болса және оператордың шартындағы барлық деректер сәйкес келсе, онда Сіз Tele2 абоненттік бөліміне барсаңыз жеткілікті. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ала келіп, шартқа және нөмірді ауыстыру жөніндегі өтінішке қол қоюыңыз керек. Жеке басыңызды куәландыратын құжатқа төлқұжат және жеке куәлік жатады. Нөмірді көшіруге өтініш тек Tele2 абоненттік бөлімдерінде немесе ресми дилерлерде жүзеге асырылады және нөмірдің иесі міндетті түрде қатысуы керек. Бірақ дилерден аталмыш қызметті ұсынатынын не ұсынбайтынын жайлы анықтау қажет. Телефон арқылы өтініштер қабылданбайды.

Tele2 абоненттік бөлімдерінде Сізден міндетті түрде ауысу күнін белгілеуіңізді сұрайды. Бұл кез келген күн бола алады, бірақ шартқа қол қойған уақыттан 30 күннен кейін емес. Сонымен қатар шартқа қол қойған соң Сізге уақытша нөмірмен жаңа Tele2 SIM-картасы беріледі. Бұл нөмірді ауыстыру дұрыс өту үшін және Сіз көшудің кез келген кезеңінде байланыста болуыңыз үшін қажет. Сонымен қатар осы жаңа SIM-картаға бұдан былай "Сіздің телефоныңыздың нөмірі көшіріледі". Нөмірді көшіру туралы өтінішке қол қойған соң нөмірді көшіру барысы басталады, ол бірнеше cағатта жүзеге асырылады. Операторды ауыстыруға дейін бірнеше минут қалғанда Сіздің нөміріңізге көшу уақыты көрсетілген мен көрсетілген уақытта SIM-картаны ауыстырып қою қажеттілігі туралы ескертуі бар SMS-хабарлама жолданады. SMS-хабарлама екі нөмірге де жіберіледі.

Tele2 қызмет көрсету кенселерінің мекенжайын tele2.kz. сайтынан немесе 509hanger_green қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы біле аласыздар.

Нөмірді көшіруде бас тартудың негізгі себептері келесілер:

  1. Нөмір тіркелмеген болған жағдайда. Егер Сіздің нөміріңіз Сізге тіркелмеген болса , онда нөмір көшірілмейді. Сіз дереу өзіңіздің ұялы операторыңызға барып, нөмірді өз атыңызға тіркеуіңіз керек.
  2. Жеке деректердің сәйкес болмауы, атап айтқанда аты/ тегі, жеке куәлігі мен төлқұжатының нөмірі, ЖСН. Бұл жағдайды өзіңіздің ұялы операторыңызға хабарласып, деректерді қайта тексеру арқылы түзете аласыз.
  3. Нөмірде қарыздың болуы, теңгерімде теріс қаражаттың болуы немесе қолданып жүрген ұялы операторыңызда құрылғыға қарыздың бар болуы. Осындай жағдайлар туындаған жағдайда, жай ғана несиелерді жауып, қайта өтініш беруге болады.
  4. <-->
  5. Тексеру кезінде аталмыш нөмірді көшіруге белсенді өтініштің болуы.
  6. Нөмірге бұғат қойылған болса немесе шектеулері болғанда.

Нөміріңіз туралы ақпаратты өз операторыңыздың сайтындағы жеке кабинеттен тексере аласыз.

Ешқандай шектеуліктер жоқ. Сіз Tele2-нің барлық қызметтерін толық көлемде пайдалана аласыз.

Нөмірді көшірген соң Сіз төлем картасын белсендіру арқылы, нөмірдің теңгерімін QIWI және басқа терминалдар арқылы, біздің oplata.tele2.kz сайтымызда, сонымен қатар QIWI-Кошелек арқылы толтыра аласыз. Алдымен Tele2 ұялы байланыс операторын таңдап, нөмірді енгізгеннен кейін төлем жасайсыз.

Қала нөмірлері көшірілмейді. Нөмірлерді көшіру Қазақстан Республикасының заңы бойынша тек ұялы байланысты қамтиды.

Нөмірді 60 күнтізбелік күнде 1 рет ауыстыруға болады.

Сіз өтініш берудің екі әдісін пайдалана аласыз:

  1. Tele2-нің кез-келген салонына, сондай-ақ, аталған қызметті ұсынатын дилерге жүгініп, өтініш толтыру;
  2. Куәландыру құжаттарының фотосуреттерін немесе сканерден өткізілген көшірмелерін қоса тіркей отырып, www.zaprosto.kz сайтында өтініш толтыру (нөмірді Tele2 операторына көшірген жағдайда). Өтініште Сіз уақытша нөмірі бар SIM-картаны алуға тиіс болатын байланыс салонын көрсетуіңіз қажет. Аталған құжаттармен бірге Сіздің нөмірді көшіру өтінішіңіз оператор салонына барғаннан кейін дереу жіберіледі. Бұл кезде Сіздің уақытша нөміріңіз және тіркеу үлгісі Сіз келген сәтте дайын болуы тиіс.

Нөмірді көшіру қызметі тегін көрсетіледі.

Егер бір жеке тұлғаға бірнеше нөмір тіркелген болса, нөмірлердің қайда тіркелгеніне қарамастан (бір немесе бірнеше донор-операторда), қызметтерді ұсынуға арналған өтінішті әрбір нөмір бойынша жеке толтыру қажет.