«Шетелдегі лимитсіз WhatsApp»

Қызмет елдер тізімінде ("Елдер тізімі" қосымша беттінде көрсетілген) қолжетімді.

Абоненттік төлем тәулігіне 390 теңгені құрайды. Қызметтің қолданылу мерзімі – 30 күн.

Қызметтің құны ҚҚС-пен бірге көрсетілген.

Қызметті төмендегі USSD-пәрмені, Жеке кабинет, роуминге http://roaming.tele2.kz беті арқылы, сондай-ақ «Tele2» мобильді қосымшасы арқылы қосуға болады.

Қызметті қосу: *341*5*1#

Қызметті ажырату: *341*5*0#

Қызметті алдын ала Қазақстан аумағында немесе барған елдегі халықаралық роумингте қосуға болады.

Бір тәуліктің ішінде WhatsApp сервисінің пайдалануы 50 Mб көлеміне жеткен жағдайда, WhatsApp сервисіне қол жеткізу – тек мәтіндік хабарламалар алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, тәулік сайынғы абоненттік төлемнің келесі алынуына дейін 5 Кбит/с-тен аспайтын жылдамдыққа дейін шектеледі.

Бұл қызметті «Роумингтегі Интернет-топтамалар» қызметімен бір уақытта қосуға болады.

1. Қызмет тәулік сайынғы абоненттік төлем алынған жағдайда WhatsApp қосымшасы арқылы дауыстық қоңыраулар, мәтіндік хабарламалар, мультимедия (суреттер, бейне, аудио және т.б.) алмасуды қоса алғанда тәулігіне 50 Мб-қа дейінгі көлемде шектеусіз жылдамдықта WhatsApp сервисін пайдалануға мүмкіндік береді.

2. Қызметті қосқан кезде автоматты түрде «Халықаралық роуминг» қызметі қосылады.

2. WhatsApp сервисін іске асырудың ерекшеліктеріне байланысты – WhatsApp қосымшасы арқылы дауыстық және бейне-қоңыраулар жасаған кезде сервиспен тұтынылатын трафик қолданыстағы интернет-топтамасынан жұмсалады немесе халықаралық роумингтегі мегабайттық тарифтелуге орнатылған бағаларға сәйкес шот теңгерімінен есепке алынады.

3. Қолданылу мерзімі біткеннен кейін қызмет автоматты түрде ажыратылады.

4. Қызметті «Роумпнгтегі интернет-топтамалар» қызметімен (роумингтегі интернет-пакеттер қызметіне сілтеме) бір уақытта қосуға болады. Бұл ретте WhatsApp сервисі тұтынатын интернет-трафик алдымен «Роумпнгтегі интернет-топтамалар» қызметі шеңберіндегі интернет-топтамасынан жұмсалады және қолданыстағы интернет-топтамасы біткеннен кейін, жоғарыда көрсетілген қызмет шарттарына сәйкес есепке алынады.

5. Тәулік сайынғы абоненттік төлемді алу үшін дербес шоттағы қаражат жеткіліксіз болған жағдайда қызмет бұғатталады.

6. Қызметті қайта қосқан жағдайда қолданыстағы қызмет ажыратылып, қызмет шеңберіндегі интернет-трафиктің пайдланылмаған көлемі жойылады, жаңа интернет-трафик көлемі ұсынылады. Қызметтің қолданылу мерзімі жаңартылады.

7. Қызмет қосылған сәттен бастап 24 сағат өткеннен кейін интернет-трафиктің пайдаланылмаған көлемі жойылады және келесі тәулікке көшірілмейді.

8. Тәулік сайынғы абоненттік төлем алынға жағдайда қызметтің мерзімі автоматты түрде ұзартылады.

9. Қызмет шеңберіндегі тәулік сайынғы интернет-трафик таусылған жағдайда, қызметті  қайта қосуға болады. Мұндай жағдайда қызмет шеңберіндегі интернет-трафиктің жаңа көлемі ұсынылады, қызметтің қолданылу мерзімі жаңартылады.

10. Дербес шотта тәулік сайынғы абоненттік төлем алу үшін теңгерім жеткіліксіз болған жағдйда – қызмет қосылмайды.

11. Қызмет «Халықаралық роуминг» қызметі белсенді болған кезде ғана қолжетімді болады.

12.Қызмет төмендегі тарифтік жоспарларда қол жетімді емес: Одан да арзанырақ!, Бәрібір, Бәрібір 2, Барлығына қоңырау шал мұрағат, Жақындарыңмен хабарлас мұрағат, Нокаут, Бізді біліп қой, Стартовый+

Австралия, Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Гана, Германия, Гонконг, Грекия, Дания, Израиль, Индонезия, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Камбоджа, Кипр, Қытай, Корея, Қырғызстан, Латвия, Литва, Макао, Малайзия, Мальта, Молдова, Монголия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, БАӘ, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сингапур, АҚШ, Таиланд, Тайвань, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, ОАР