Менің шотымды толтыр

Егер сенің телефоныңның шотында ақша бітіп қалған болса, және теңгерімді толтыру мүмкіндігі жоқ болса, «Менің шотымды толтыр» қызметі арқылы өз туыстарыңа осы туралы хабар бер – сонда олар саған тезірек көмекке келе алады!

Жақын адамдарың шотты кез-келген ыңғайлы әдіспен толтыра алады: төлем картасымен, қолма-қол ақшамен немесе «Мобильді аударым» қызметінің көмегімен – өз шотынан сенің шотыңа қаражат аудару арқылы.

Қызметті қосудың немесе баптаудың қажеті жоқ, ол барлық Tele2 абоненттеріне – «үй» желісінде және роумингте болған кезде тегін ұсынылады.

Шотты толтыруды өтініп сұрау оңай!

Келесі пәрменді тер: *143* өтініш бағытталған абоненттің нөмірі #.

Абоненттің нөмірін сегіздік арқылы көрсет, мысалы, былай: 87071234567