Сенімді төлем

Сенімді төлем

Егер теңгерім нөлге жақындаса, «Сенімді төлем» қызметі уақытша төлемді есепке жатқызып, сөйлесуді жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл қызмет төрт нұсқада қожетімді:

  • Сенімді төлем 100 теңге
  • Сенімді төлем 200 теңге
  • Сенімді төлем 500 теңге
  • Сенімді төлем 1000 теңге

Қосу пәрмені *111#

Бас парақшада қызмет туралы ақпарат алу үшін  - 0 таңдаңыз

Сенімді төлем 100 теңге.

Қосу құны - 20 теңге.

Қызметті ұсыну шарттары:

Қызметті ұсыну аясындағы қаражат - 100 теңге.

Сенімді төлем 200 теңге.
Қосу құны - 40 теңге.

Қызметті ұсыну шарттары:

Қызметті ұсыну аясындағы қаражат -200 теңге.

Сенімді төлем 500 теңге.

Қосу құны - 75 теңге.

Қызметті ұсыну шарттары:

Қызметті ұсыну аясындағы қаражат - 500 теңге.

Сенімді төлем 1000 теңге.
Қосу құны - 100 теңге.

Қызметті ұсыну шарттары:

Қызметті ұсыну аясындағы қарыз қаражаты - 1000 теңге.

«Сенімді төлем» қызметінің толық шарттары:

  • Қызмет ұялы байланысқа жұмсайтын орташа айлық шығынға байланысты, қызметке сұраныс жіберу сәтінде өз нөмірін кемінде 60 күнтізбелік күн бұрын белсенді еткен, өзара есеп айырысудың алдын ала төлем жасау жүйесіндегі барлық абоненттер үшін қолжетімді.
  • Ең жоғары қолжетімді сома мен қызметті қосу мүмкіндігі ұялы байланысқа жұмсалатын ай сайынғы орташа шығынға байланысты болады және қызметке сұраныс жіберген сәтте анықталады.
  • Алынған қаражат ұсынылған сәттен бастап 3 күнге (72 сағатқа) жарамды болады және мерзім аяқталғаннан соң пайдаланылмаған қаражат жойылады.Егер қызметті қосқан сәттен бастап теңгерім толтырылып және нөмірде қызмет бойынша өтеуге қаражат жеткілікті болса, онда Сенімді төлем пайдаланылғанына немесе пайдаланылмағанына қарамастан қажетті қаражат мерзімінен бұрын өтеледі.
  • Қызметті қоса отырып, сен қызметтің әрекет ету уақытында есеп айырысудың аралас түріне (кредиттік және алдын ала төлеу) өтетіндігіне, яғни қызмет аясында берілген сомаға дейін теңгерім теріс болуы мүмкіндігіне келісім бересің. Сонымен қатар, ұсынылған қаражат пен қызмет құны нөміріңнің негізгі теңгерімінен алынатындығына келісім бересің. Бұл теріс теңгерімге әкелуі мүмкін, ол байланыс қызметтерінің бұғатталуына себеп болады. Мысалы, «Сенімді төлем 100 теңге» қызметін қолданғанда, теңгерімді толтырған кезде негізгі шоттан 120 теңге алынады, мұндағы 100 теңге - ұсынылған сома және 20 теңге - қызметті қосу құны.
  • Сенімді төлем пәрменін терген кезде негізгі теңгерім түрінде көрінеді. *111#
  • Қызметтер – нөмірдегі теңгерім 0 теңгеден кем болмаған жағдайда қолжетімді болады.
  • Егер сен бұрын «Сенімді төлем» қызметін пайдаланған болсаң, онда келесіде қызметті алдыңғы қызмет үшін негізгі шоттан соңғы шығысқа шығарудан кейін ғана қоса аласың.
  • Қызметті қосу мүмкіндігі тек нөмірдің жағдайы Белсенді болғанда ғана қолжетімді.
  • Қызмет аясында ұсынылған қаражатты абоненттің ағымдағы тарифтік жоспары шеңберінде қолжетімді кез келген қызмет көрсетуге (дауыстық қызметтер, Интернетке шығу, тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемді төлеу) пайдалануға болады.
  • Қызмет роумингте қолжетімді.
  • Барлық тарифтер ҚҚС есебімен көрсетілген.