Сенімді гигабайттар

Қосылу және құны:

"Сенімді гигабайттар" қызметінің негізгі мәзірі *911# нөмірі бойынша қолжетімді

Қызметтің әрекет ету кезеңінде интернет-трафиктің қалдығын *123*1*3# пәрменін теру арқылы тексеруге болады.

Абоненттік нөмірдің қосылу мерзімі

60 күннен бастап

Интернет-трафиктің қолжетімді көлемі

1GB

2GB

4GB

Қызмет құны, ҚҚС есебімен

590 теңге

990 теңге

1290 теңге


"Сенімді гигабайттар" қызметінің құны сіз таңдаған интернет-пакетке байланысты, қызметтің әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін ғана, теңгерімдегі соммаға байланысты, толық немесе бөлініп есептен шығарылады.

Жарамдылық мерзімі: "Сенімді Гигабайттар" қосылған сәттен бастап 3 күнге жарамды және кез-келген WEB - ресурстарға шектеусіз пайдаланылуы мүмкін. Көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін қызмет шеңберінде пайдаланылмаған интернет-трафик жойылады

Егер 3 күн өткеннен кейін "Сенімді Гигабайттар" қызметінің құны толық төленбесе, кіріс байланыс пен шұғыл қызметтердің нөмірлерін қоспағанда, байланыс қызметтерін ұсыну қызмет құнын толық төлеу сәтіне дейін тоқтатылады.



Қосымша шарттар:

  • Қызмет алдын-ала төленген өзара есеп айырысу жүйесінің, қызметке сұраныс түскенге дейін кемінде 60 күнтізбелік күн бұрын нөмірді іске қосқан абоненттерге орташа айлық шығындарына байланысты қолжетімді,
  • Максималды қолжетімді интернет-пакет және қызметті қосу мүмкіндігі ұялы байланыстың орташа айлық шығынына байланысты және абонент қызметті сұратқан сәтте анықталады.
  • Қызметке қосыла отырып, сіз «Сенімді гигабайттар» пайдаланылғанына немесе пайдаланылмағанына қарамастан қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін қызмет құны автоматты түрде теңгерімнен алынатындығына келісесіз.
  • Қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін оның төленбеген құны "Мобильдік көмек" / "Мобильдік аударылым" қызметтері шеңберінде абоненттің теңгеріміне аударылған қаражаттан төленуі мүмкін.
  • "Сенімді төлем" және "Сенімді Гигабайттар" екі қызметін бір уақытта қосу мүмкін емес. Қызметтің біреуін қосу бұрын қосылған қызметтің құнын толық төлегеннен кейін ғана мүмкін болады.
  • "Сенімді Гигабайттар" қызметі шеңберіндегі Интернет трафик ең жоғары басымдыққа ие және бірінші кезекте жұмсалады.
  • Қызметке сұранысты нөлге тең теңгерімде де, кез-келген оң теңгерімде де жіберуге болады

  • Қызмет сіздің нөміріңіз "Белсенді" болған жағдайда ғана қолжетімді.

  • Қызмет роумингте қолжетімсіз.