Жаңа нөмір

Қызметті қосқанда:

  • Сенің ескі нөміріне қоңырау шалғандар SMS түрінде сенің жаңа нөмірің туралы ақпарат алады.
  • Егер сенің достарың өшірілген ескі нөміріне қоңырау шалса, онда сен жаңа нөміріне SMS түрінде хабарлама аласың.

Қосылу үшін жаңа Tele2 нөміріңнен келесі команданы тер:
*118*XYYYZZZZZZZ#,

мұндағы, XYYYZZZZZZZ – абоненттің бұрынғы нөмірі,
X – ел коды (7 арқылы),
YYY- оператордың коды (700, 701, 702, 705, 707, 775, 777,771 және т.б.),
ZZZZZZZ – абоненттік нөмір.

Жауап ретінде сен қызмет көрсету нөмірі көрсетілген SMS-хабарлама аласың, осы нөмірге қоңырауды бұрыңғы нөмірден бағыттауды орнату керек.
Ол үшін ескі SIM-картаны ұялы телефонға салып, келесі команданы тер:
**21*[қызмет көрсету нөмірі]#

«Жаңа нөмір» қызметі тегін.

Қызметтің әрекет ету мерзімі: 90 күн.
Қызметтің әрекет ету мерзімі аяқталғанда қызмет автоматты түрде өшіріледі.

Назар аударыңыздар! Сенің ескі нөмірің қосылулы болсын және қаражаттың болмауы себебінен бұғатта тұрмауы керек. Әйтпегенде оған қызмет көрсетілмейді.

Бір мезгілде сен жаңа нөміріңе ҚР кез келген ұялы операторларының 4 ескі нөмірлеріне дейін орната аласың.

Бұл қызметпен қолдану үшін "ескі" нөмір қолыңызда болу керек немесе "ескі" нөмірмен басқа абонент қолданбауын қамтамасыз ету қажет.

Басқару пәрмендері:

USSD-сұрау

Сипаттамасы

*586*1#

Ескі нөмірге келіп түскен қоңыраулар туралы жаңа нөмірге ақпарат беру SMS-ін  өшіру/ қосу

*586*2#

Ескі нөмірге қоңырау шалған абоненттерге абоненттің нөмірі ауысқаны туралы абонентке ақпарат беру SMS-ін өшіру/ қосу  

*586*3#

Қызметтің әрекет ету мерзімі мен олар үшін дәлденген хабарламалардың мәртебесі көрсетілген ескі нөмірлердің тізімін алу. 

*586*[ескі нөмір]#

Көрсетілген ескі нөмірге арналған ақпарат беру қызметін тоқтату

*586*0#

Барлық ескі нөмірлерге арналған ақпарат беру қызметін тоқтату