Интернеттегі жалықтыратын жарнамадан арылыңыз!

25.12.2020

Tele2 2020 жылдың 25 желтоқсанында интернеттегі жарнамадан шаршаған белсенді пайдаланушылар үшін "СТОП-жарнама" жаңа қызметін іске қосады.
"Стоп- жарнама" мобильді интернет арқылы дүниежүзілік Интернетке кіру кезінде кез-келген браузерді жарнамалардан тазартуға көмектеседі. Жарнаманы бұғаттау қосымша бағдарламаларсыз және кез-келген операциялық жүйесі бар кез-келген құрылғыда жұмыс істейді.
Қызмет құны - күніне 15 теңге. Алғашқы қосылған кезде қызметті 7 күн бойы тегін пайдалан.
"Стоп-жарнама" қызметін қосу *585# пәрмені бойынша қолжетімді.
Қазіргі уақытта қызмет Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының тұрғындарына ғана қолжетімді.
Қосымша ақпарат сілтеме бойынша.