• Негiзгi
  • Жаңалықтар
  • 23.12.2019 бастап «Бәрін ауыстыр» айына 2590» тарифтік жоспарындағы өзгерістер туралы

23.12.2019 бастап «Бәрін ауыстыр» айына 2590» тарифтік жоспарындағы өзгерістер туралы

22.11.2019

Tele2-да әрдайым байланыста болу ОҢАЙЫРАҚ бола түсті! 2019 жылғы 23 желтоқсаннан бастап 28.06.2019 жылғы «Бәрін ауыстыр» айына 2590» тарифтік жоспарының абоненттері үшін күніне 130 теңгеге КҮНДЕЛІКТІ топтамасы қолжетімді болады.

БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Өте ОҢАЙ! Күнделікті топтама – «Бәрін ауыстыр» айына 2590» тарифтік жоспары бойынша негізгі ай сайынғы абоненттік төлем шығынға  жазылмаған жағдайда және теңгерімде 130 теңгеден басталатын сома бар болса автоматты түрде беріледі. 

БҰЛ ҚАНДАЙ ШАРТТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

  • Күнделікті топтама бойынша төлемақы шығынға жазылған жағдайда қызметтердің келесі көлемі беріледі:

Қызмет

Күнделікті топтама

Қызметтер көлемі

Төлемақы,

ҚҚС-пен бірге

Қолданылу мерзімі

Tele2/ALTEL-ге қоңыраулар

ШЕКСІЗ





 

130 теңге





 

1 күн

Tele2/ALTEL-ге SMS

5

Басқа желілерге қоңыраулар

6 минут

Интернет-трафик

750 Мб

Ресурстар алмасу

Қолжетімсіз

Интернет-сервистер: Youtube, Vkontakte, WhatsApp, Viber, Telegram, Instagram, Facebook, Oдноклассники, Twitch, TikTok

ШЕКСІЗ

  • Күнделікті топтама мен ол бойынша есептелген қызметтер көлемінің қолданылу мерзімі –  1 күн.
  • Күнделікті топтама бойынша төлемақы күн сайын Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 00:00-ден 03:00-ге дейін шығынға жазылады, егер де қаражат жеткілікті болса. Егер қаражат жеткіліксіз болса, күнделікті топтама бойынша төлемақы – кейіннен теңгерім 130 теңгеден басталатын сомаға толтырылғаннан кейін шығынға жазылады.
  • Күнделікті топтама шеңберінде ресурстар алмасу функциясы қолжетімсіз.
  • Басқа операторларға SMS құны – 1 хабарлама үшін 11 теңге.
  • Халықаралық SMS құны – 1 хабарлама үшін 29 теңге.
  • Күнделікті топтама біткен жағдайда қызметтерді тарифтеу – «Бәрін ауыстыр» айына 2590» тарифтік жоспары бойынша абоненттік төлем шығынға жазылмаған жағдайда қолданылатын тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
  • ALTEL/Tele2 желісі ішіндегі қоңыраулар – минуты 15 теңге;
  • ҚР бойынша қала нөмірлеріне және басқа ұялы операторлардың желілеріне қоңыраулар – минуты 15 теңге;
  • ALTEL/Tele2 желісі ішіндегі SMS – 1 хабарлама үшін 10 теңге.
  • «Біржолғы интернет-пакеттер 2Гб, 4Гб, 8Гб» қызметі күнделікті топтамамен үйлеседі және онымен бірге бір уақытта қосылуы мүмкін. Бұл ретте «Біржолғы интернет-пакеттер 2Гб, 4Гб, 8Гб» бойынша интернет-трафиктің жұмсалу басымдығы күнделікті топтама бойынша трафиктің жұмсалу басымдығынан жоғары болады.
  • Күнделікті топтама бойынша интернет-трафик біткен жағдайда Интернетке қол жеткізу 64 Кбит/с дейінгі жылдамдықта ұсынылады. Бұл ретте Youtube, Vkontakte, WhatsApp, Viber, Telegram, Instagram, Facebook, Oдноклассники, Twitch, TikTok сервистеріне қол жеткізу жылдамдығы шектелмейді. Күнделікті пакет бойынша қызметтер көлемі біткен жағдайда Интернетке қол жеткізу жылдамдығын қалпына келтіру үшін «Бәрін ауыстыр» айына 2590» тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы абоненттік төлемді шығынға жатқызу үшін жеткілікті 2590 теңгеден басталатын сомаға теңгерімді толтыру қажет немесе «Біржолғы интернет-пакеттер 2Гб, 4Гб, 8Гб» қызметін қосу керек.
  • Instagram, Vkontakte, Facebook, Odnoklassniki, Whatsapp, Telegram, Viber интернет-сервистерінің жұмыс істеу ерекшеліктеріне байланысты WhatsApp, Viber, Telegram сервистері ішінде дауыстық бейне-қоңыраулар, тікелей бейне-трансляциялар жасаған кезде, сондай-ақ Instagram сервисі ішінде Stories көрген кезде және Live-трансляциялар жасаған кезде Интернет-трафиктің толығымен нөлге келтірілетініне кепілдік берілмейді.
  • YouTube арнасына қол жеткізу кейбір жағдайларда Операторға бағынбайтын себептермен шектелуі мүмкін (соның ішінде әзірлеушілермен қуатталмайтын абонеттік құрылғы, қосымшаның ескірген нұсқасы немесе YouTube қосымшасын әзірлеуші енгізетін өзгерістер, абоненттердің VPN қызметін немесе трафик типін айырып тануды қиындататын өзге бағдарламалық жасақтаманы пайдалануы). Кейде күнделікті топтама шеңберіндегі интернет-трафик біткен жағдайда Youtube сервисін пайдалану – https://m.youtube.com сілтемесі арқылы табуға болатын браузердің көмегімен ғана мүмкін болады.
  • Күнделікті топтама бойынша қызметтер көлемі біткен жағдайда ресурстарды - «Бәрін ауыстыр» айына 2590» тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы абоненттік төлемді шығынға жатқызу үшін жеткілікті 2590 теңгеден басталатын сомаға теңгерімді толтыру жолымен қалпына келтіруге болады.
  • Егер теңгерімде күнделікті топтама бойынша төлемді шығынға жазу үшін қаражат жеткіліксіз болса, онда төлем – теңгерім 130 теңгеден басталатын жеткілікті сомаға толтырылғаннан кейін шығынға жазылады.
  • Егер теңгерімде күнделікті топтама бойынша төлемді шығынға жатқызу үшін қаражат жеткіліксіз болса, онда қызметтерді тарифтеу – «Бәрін ауыстыр» айына 2590» тарифтік жоспары бойынша абонентітк төлемді шығынға жазбаған жағдайда қолданылатын тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады:
  • ALTEL/Tele2 желісі ішіндегі қоңыраулар – минуты 15 теңге;
  • ҚР бойынша қала нөмірлеріне және басқа ұялы операторлардың желілеріне қоңыраулар – минуты 15 теңге;
  • ALTEL/Tele2 желісі ішіндегі SMS – 1 хабарлама үшін 10 теңге.
  • Күнделікті топтама бойынша төлем шығынға жазылмаған жағдайда, топтама шеңберіндегі Интернет бұғатталады.
  • «Бәрін ауыстыр» айына 2590» тарифтік жоспары бойынша негізгі ай сайынғы абоненттік төлем шығынға жазылған жағдайда, күнделікті топтама бұғатталады және ол бойынша төлем шығынға жазылмайды.
  • Басқа тарифтік жоспарға өткен жағдайда, күнделікті топтама автоматты түрде ажыратылады.
  • Күнделікті топтама бойынша кезекті төлемді шығынға жазу сәтсіз болған жағдайда, пайдаланылмаған қызметтер көлемі көшірілмейді және жойылады.
  • Күнделікті топтама ажыратылған жағдайда, топтама бойынша пайдаланылмаған қызметтер көлемі көшірілмейді және жойылады.
  • Егер күнделікті топтаманың қолданылу мерзімі ішінде теңгерім «Бәрін ауыстыр» айына 2590» тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы абоненттік төлемді шығынға жазу үшін жеткілікті сомаға толтырылатын болса, онда теңгерімде жеткілікті сома пайда болғаннан кейін ай сайынғы абоненттік төлем автоматты түрде шығынға жазылады және тарифтік жоспар бойынша ай сайынғы қызметтер көлемі ұсынылады. Бұл ретте күнделікті топтама бұғатталады және ол бойынша абоненттік төлем шығынға жазылмайды, ал күнделікті топтама бойынша пайдаланылмаған қызметтер көлемі көшіріледі және ағымдағы ай сайынғы абоненттік төлемнің қолданылу мерзімі біткенге дейін қолданылады. Егер ай сайынғы абоненттік төлемді кезекті шығынға жазу барысында теңгерімде негізгі абоненттік төлемге арналған қаражат жеткіліксіз болса, онда күнделікті топтама автоматты түрде бұғаттан шешеледі және жеткілікті қаражат болған жағдайда күнделікті топтама бойынша төлем шығынға жазылады.
  • Күнделікті топтама бойынша қызметтер көлемінің қалдығын «Tele2» жеке кабинеті, «Tele2» мобильді қосымшасы және USSD *123*1*3# пәрмені арқылы тексеруге болады.
  • Күнделікті топтама «Бәрін ауыстыр» айына 2590» тарифтік жоспарының ажырамас бөлігі болып табылады және тарифтік жоспардан бөлек ажыратыла алмайды.
  • Барлық бағалар ҚҚС-пен бірге теңгемен көрсетілген.
  • Осы шарттар – абонент Қазақстан Республикасы аумағында болған жағдайда ғана қолданылады.
  • Сондай-ақ сіз мына сілтеме бойынша кез келген басқа ыңғайлы тарифті таңдай аласыз.