Қауіпсіздік сертификаты

17.07.2019

«Байланыс туралы» ҚР Заңының және 11-т. «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану ережелеріне» сәйкес байланыс операторлары байланыс қызметін көрсету шарттарын жасасқан абоненттерінің арасында қауіпсіздік сертификатының таралуын қамтамасыз етеді.

Заң байланыс операторларына Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттың криптографиялық қорғаныс құралдарымен шифрленген трафикті қоспағанда, қауіпсіздік сертификатын қолдана отырып шифрлеуді қолдайтын хаттамалардың пайдаланылуымен трафикті өткізуді ұсынады.

Қауіпсіздік сертификаты – бұл шифрлеуді қолдайтын хаттамалардан құралған трафикті өткізу үшін қолданатын электронды цифрлік символдар жиынтығы.

Tele2 Интернет желісін ұсынатын екінші қайтара провайдер бола тұра, өз тарапынан Интернет желісінің ресурстарына қолжетімділікті шектемейді.

Осылайша, интернетке қолжетімділік мәселелерін тудырмас үшін, Tele2 абоненттері орнату бойынша қадамдық нұсқауларды орындай отырып, осы сертификатты орната алады:

iOS негізіндегі телефондар үшін (iPhone, iPad барлық үлгілері)

1. iOS үшін сертификатты жүктеу

2. «Икемдеулер» → «Негізгі» → «Бейін» → QaznetTrustNetwork: «Орнатуды» басып, кейін «Орнатуды» тағы бір рет басыңыз

3.«Икемдеулер» → «Негізгі» → «Бейін» → QaznetTrustNetwork: «Орнатуды» басып, кейін «Орнатуды» тағы бір рет басыңыз Икемдеулер» → «Негізгі» → «Осы құрылғы туралы» → «Сертификаттың сенімділігін икемдеу»: QaznetTrustNetwork ауыстырып-қосқышын белсендіріп, «Жалғастыруды» басыңыз

4. Толық нұсқаулықты мына жерден көруге болады.

Android негізіндегі телефондар үшін (Samsung, HTC, LG, SonyXperia, Xiaomi, Huawei,OPPO, Meizu, ASUS)

1.  Android үшін сертификатты жүктеу

2. «Икемдеулер» → «Қауіпсіздік және орналасқан жері» → Шифрлеу және есептік деректер → Есептік деректер қоймасы → «Орнату»

3. Сертификатты табыңыз. Файлды таңдаңыз. Қажет болса, кілттер қоймасына арналған құпиясөзді негізіңіз. «ОК» басыңыз.

4. QaznetTrustNetwork сертификатының атауын енгізіңіз. VPN және қосымшаларды таңдаңыз. «ОК» басыңыз.

Толық нұсқаулықты мына жерден көруге болады.

Веб-браузерлерге арналған нұсқаулар

1. Сертификатты жүктеп алу..

2. Сертификатты орнату жөніндегі нұсқаулар (PDF)

3. Сертификатты өзге браузерлерде орнату жөніндегі нұсқаулар  (PDF)

4. Сертификатты MozillaFirefox браузерінде  орнату жөніндегі нұсқаулар (PDF)

Пайдаланушылардың назарын Қауіпсіздік сертификаты Интернетке шығатын әрбір құрылғыдан орнатылуы керек екендігіне аудартамыз (iOS/Android негізіндегі мобильді телефондар мен планшеттер, Windows/MacOS негізіндегі дербес компьютерлер мен ноутбуктер).

Байланыс құралдарына арналған Қауіпсіздік сертификатын мына жерден жүктеп алуға болады.