Жеке тұлғалар үшін абоненттік құрылғыларды тіркеу әдістері туралы

05.11.2018

Құрметті абонент, заңнаманың талаптарына сәйкес, ұялы байланыстың барлық абоненттік құрылғылары тіркелу қажет. Олар: телефондар, смартфондар, планшеттер, модемдер, смарт-сағаттар және басқа да симкартасы бар құрылғылар.

Ол үшін, Операторлармен немесе оның серіктестерімен сим-картаны немесе абоненттік құрылғыны сатып алу кезінде тіркеу деректерін толтырған кезде өзінің ЖСН-н көрсеткен абоненттерді қоспағанда, абоненттік құрылғының иелеріне өздерінің ЖСН-н операторларға ұсынуы керек.

Уәкілетті мемлекеттік орган нақты ЖСН-ге тағайындалған әрбір абоненттік құрылғы бойынша деректер базасын жүргізеді және сақтайды.

2019 жылдың 1 қаңтарына дейін абонент өзінің ЖСН-н бұрын операторға бермеген жағдайда, операторға ЖСН-н хабарлау арқылы, тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.

Құрылғыны тіркеу үшін жеке тұлғалар байланыс салонына келмей-ақ келесі әдістердің кез келгенін пайдалана отырып, тіркелетін құрылғыдан ЖСН-ін жіберсе болады:

  1. Tele2 нөмірінен 6914 қысқа нөміріне өз ЖСН-імен SMS жіберу;
  2. *6914*1# USSD-пәрменін теріп, пайда болған мәзірде ЖСН енгізу;
  3. ЖСН-ді http://imei.tele2.kz интернет-ресурсы арқылы жіберу

Екі симкалы құрылғыны тіркеу үшін, ЖСН-ді әр sim-картадан жіберу қажет.

Tele2 нөмірінен ЖСН алынғаннан кейін автоматты қызмет көрсету жүйесі құрылғының IMEI кодын, онда пайдаланылатын абоненттік нөмірді анықтап, үш параметр бойынша құрылғыны автоматты тіркеуді жүргізеді: ЖСН, абоненттік нөмір және құрылғының IMEI нөмірі – егер де абоненттік нөмір дұрыс тіркелген болса. Абоненттік нөмірдің дұрыс тіркелуін – *835# USSD-пәрменін теру арқылы немесе Жеке кабинетте тексеруге болады.

Егер құрылғыны 14 жасқа дейінгі бала пайдаланатын болса, онда құрылғыны тіркеуді ата-анасы өз ЖСН-іне жүзеге асырады.

Әрбір абоненттік нөмірдің атына бірнеше құрылғы тіркелген болуы, ал бір құрылғы тек бір ЖСН-ге ғана тіркелуі мүмкін. Нөмірге тіркелген құрылғылардың IMEI тізімін – Tele2 нөмірінен *6914*2# USSD-пәрменін теру арқылы алуға болады.

Иесі ауысқан жағдайда, құрылғыны қайта тіркеуді немесе құрылғыны тіркеуден шығаруды – Байланыс салонына жеке куәлігімен бірге жүгіне отырып жүзеге асыруға болады.

Құрылғыны тіркеу, тіркеуден шығару немесе қайта тіркеу рәсімдері тегін жүзеге асырылады.

Жиі қойылатын сұрақтармен сілтеме арқылы танысып шығуға болады.

*IMEI (International Mobile Equipment Identity) – өндіруші-зауытпен берілетін құрылғының 15-таңбалы халықаралық сәйкестендіру коды.