Компания туралы

Tele2 – клиенттерге қажетті сервисті азырақ ақшаға ұсынатын, жылдам дамып келе жатқан байланыс операторларының бірі. Tele2 ұялы байланыс қызметін және деректер тарату желілерін ұсынады. 1993 жылы Ян Стенбек компанияның брендін қалыптастырған сәттен бастап, Tele2 бұрынғы мемлекеттік монополияларды, сондай-ақ өзге провайдерлермен құрылған компанияларды да бәсекелестікке шақырады.

Tele2 компаниясының тарихы 1970 жылдары Швецияда басталды. Ян Стенбек, компанияның негізін қалаушы Kinnevik-тің ұлы телекоммуникациялық бағытты дамыта бастады. Ол нарықтағы ең ірі компанияларға қарсы тұра алатын жалпы еуропалық операторды құрғысы келді. IKEA жиһазын өндірушінің идеясынан шабыт алып, Ян Стенбек компания осы күнге дейін ұстанып келе жатқан негізгі қағиданы қалыптастырды: "жоғары сапалы байланыс қызметі қолжетімді бағамен ".

Tele2 ұялы байланысының алғашқы желісі 1993 жылы Швецияда іске қосылды. 1997 - 2004 жж. аралығындағы уақыт Еуропадағы бизнесті кең ауқымды дамыту кезеңіне айналды. Компания өз желілерін Норвегия, Эстония, Литва, Германия, Австрия, Люксембург, Швейцария, Голландия, Латвия, Ресей, Испания, Португалия, Ұлыбритания елдерінде және басқа да бірқатар елде қолданысқа енгізді. Көптеген елдерде Tele2-нің келуі байланыс қызметі нарығында бәсекелес ортаны қалыптастырып, бағаны түсірді, сол арқылы байланыс қызметін халыққа әлдеқайда қолжетімдірек етті. 2010 жылы компания Швецияда дүние жүзі бойынша біріншілердің қатарында төртінші буындағы байланыс желісін (LTE) іске қосты.

Қазақстан Республикасының телекоммуникациялық нарығында Tele2 бренді («Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС) алғаш рет 2010 жылы пайда болып, жергілікті байланыс операторын сатып алу мәмілесін аяқтады. Компания Tele2 тобының бизнесімен біріктіріліп, жабдық толығымен жаңасына ауыстырылып, өнім портфелі мен маркетингілік платформа жағартылғаннан кейін, желі Қазақстан халқын бір дүрліктіріп, Tele2 брендімен жұмыс істей бастайды. Жаңа брендтің басты артықшылықтары – байланыстың жақсы сапасы және кәдімгідей төмен бағалар. 2016 жылдың наурыз айында Tele2 өз бизнесін жергілікті Altel операторымен, «Қазақтелеком» АҚ мобильді бөлімшесімен біріктірді.

2017 жылы «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС Қазақстанда алғаш рет деректерді 225мбит/с жылдамдықпен жүктеуге мүмкіндік беретін LTE Advanced (4G+) технологиясын коммерциялық қолданысқа енгізді. Халықты LTE Advanced технологиясымен қамту пайызы 2018 жылдың соңына қарай 75%, UMTS-88%, GSM- 88% құрады.

 «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің жалпы абоненттік базасы 2018 жылдың соңына қарай 7,160 млн. адамды құраған, ал желідегі базалық станциялар саны 6 мыңнан асқан.

2019 жылдың мамыр айында «Қазақтелеком» АҚ Tele2 AB мобильді операторының бірлескен кәсіпорнында қалған 49%-ды сатып алып, компанияның жалғыз акционеріне айналды.

Біздің қызметкерлер «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ-нда сақтандырылған